Мұнай арзандап жатыр

WTI маркалы мұнай бағасы барелліне 19,2 пайызға дейін төмендеп 14,7 доллар болса, Brent маркалы мұнай бағасы 1,8 пайызға арзандап 27,5 долларға жетті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сарапшылар мұнай бағасының түсуіне қатысты пікір білдіріп жатыр.

RT мәліметінше, мамырдағы фьючерстер WTI мұнайының барреліне 19,21 пайызға төмендеп, 14,76 доллар болды. Бұған дейін WTI маркалы мұнай 20 пайыздан аса арзандап, 14,4 доллар болған еді. Бұл көрсеткіш 1999 жылдан бері алғаш рет минимум болып отыр.

РИА Новости мәліметтеріне сүйенсек, маусым фьючерстерінде Brent  маркалы солтүстіктеңіз мұнай қоспасы 1,82 пайызға төмендеп, барреліне 27,57 доллар болды.

Халықаралық энергетикалық агенттігінің деректеріне қарағанда, биыл мұнайға деген сұраныс қатты төмендейді. Тіпті тәулігіне 9,3 миллион баррель болып рекорд жасайды. Ал осы жылғы сәуір айында 2019 жылдың сәуіріндегі көрсеткіштен 29 миллион баррелге түседі деген болжам бар.

Reuters агенттігі CMC Markets-тің нарықтағы бас стратег-аналитик маманы Майкл Мак-Картидің пікірін жариялады. Оның айтуынша, АҚШ-тағы Кушинг негізгі қоймасы толып кеткендіктен, мұнай бағасы түсіп, сұраныс төмендеген.