Қазақстан халқы “морально шаршаған” автокөлік теуіп жүр

2019 жылдың ақпан айының соңындағы жағдайға сай, Қазақстанда 3,7 млн данаға сәл жетпейтін жеңілавтокөлік бар. Оның 3,5 млн-ы жеке тұлғалардыңатында, деп хабарлайды Zakon.kz ranking.kzке сілтемежасап.

Елдегі бар автөліктің 64 пайызыныңжасы” 10 жылданасып кеткен. Үш жыл толмаған жаңа автокөліктердіңтіркелуі бір жыл ішінде 32,2%-ға азайып отыр.

Халықтың дені қоғалтқыш көлемі 1,5 мың текше см-ден 2 мың текше см-ге дейінгі автокөлікпен жүр (бүкіл көліктің45,3%).

Елдегі көліктердің 90 пайызға жуығы (3,3 млн данасы) бензинмен жүреді. Газбен жүретін көліктің саны небәрі 3,8 мың дана. “Газбен жүргіштердіңдені Алматы қаласындатұрады: 605 көлік тіркелген.

Автокөліктердің экологиялық таза жанармайға ауысуынынталандыру үшін Алматы қаласының әкімдігі 2019 жылдың екінші тоқсанында газбен жүретін көліктер үшінпарковканы тегін етуді жоспарлап отыр.