Қазақстанда бензин өндірісі қаңтарда 11,2 пайызға артты

Қазақстанда 2019 жылдың қаңтар-наурызында бензин өндіру көрсеткіші 916,5 мың тоннаға жетіп, 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,2 пайызға артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Статистика комитетіне сілтеме жасап. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР Қазақстанда ет өндірісі 10,6% артқан Қ. Тоқаев: Өзбекстанмен экономикалық және әлеуметтік-гуманитарлық ынтымақтастықты жалғастыруға дайынбыз СҚО-да жыл басынан бері 936,3 млн теңгенің заң бұзу әрекеттері анықталды Есепті кезеңде 167,8 мың тонна керосин (өткен жылдың қаңтар-наурыз айларымен салыстырғандағы өсім – 126,8 пайыз), 622,7 мың тонна сұйытылған пропан және бутан (+5,3 пайыз), 1 103,8 мың тонна газойль (+4,7 пайыз), 867,3 мың тонна мазут (-5,5%) өндірілді. Сондай-ақ, 529,5 мың тонна ферроқорытпа (+7,1%), 390,9 мың тонна жазық прокат (-48%), 32,4 мың тонна тазартылған қорғасын (-16,8%), 80,2 мың тонна мырыш (-2,9 пайыз), 114,1 мың тонна тазартылған мыс (+10,1%) өндірілген.