Қазақстанда бизнесмендердің 1,7 млрд теңге қарызы кешірілді

ҚР премьер-министрлінің бірінші орынбасары, ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов үкімет отырысында салықтық амнистия барысы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ол шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтық амнистия биыл қаңтардан бері басталғанын еске салды.

– Алдын ала есептер бойынша, рақымшылық жасалатын салық төлеушілер саны 90 мыңнан асады, – деді ол.

Оның сөзінше, 210,7 млрд теңге көлеміндегі негізгі қарыз өтелген жағдайда, бизнестің 122,9 млрд теңге көлеміндегі өсімпұлы 7,3 млрд теңге көлеміндегі айыппұлы кешіріледі.

– Ағымдағы жылдың 1 сәуіріндегі жағдайға сай, 34 мыңнан астам салық төлеуші 7,6 млрд теңгенің негізгі қарызын қайтарды. Олар бойынша 1,7 млрд теңгенің өсімпұлы мен 0,2 млрд теңгелік айыппұлына рақымшылық жасалады, – деп хабарлады Смайылов.