Қазақстанда күзге дейін ұлттық төлем жүйесі пайда болады – Досаев

2020 жылдың күзіне дейін ұлттық төлем жүйесінің бағдарламасы пайда болады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. “Көлеңкелі экономикамен күрес және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үлесін көбейту – Ұлттық банктің негізгі міндеттерінің бірі. Бұл тапсырмаларды орындау үшін Ұлттық банк Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен біріге отырып 2020 жылдың 1 қазанына дейін  ұлттық төлем жүйесінің бағдарламасын әзірлейді. Ол төлем жүйесі барлық мүдделі тарап үшін тиімді болады”, – деді Досаев Үкімет отырысында.