Қазақстандық бюджет қайда жұмсалып жатыр?

Төрт айда мемлекеттік бюджет шығыны 17%-ға өсті. Ақшамен бұл шамамен 4 трлн теңге. Әлеуметтік көмек пен әлеуметтікқамсыздандыруға осы соманың үштен бірбөлігі жұмсалды.

Биылғы жылдың қаңтар-сәуір айларында мемлекеттікбюджет шығындары бір жылға 16,7%-ға ұлғайып, 3,8 трлн теңгеге жетті. Ал былтырғы жылдың осы кезеңінде бюджеттен 3,3 трлн теңге жұмсалған. Өсім— 11,7%-ды құрады.

finprom.kz порталы есептегендей, соңғы бес жылдаалғашқы төрт айдың қорытындысы бойыншамемлекеттік бюджеттің шығыстары орта есеппен12,3%-ға өсіп отырған. Ең үлкен өсім 2016 жылдыңқаңтар-сәуірінде тіркелді. Ең азы — 2017 жылы.

Бюджет шығыстарының құрылымы

Білім саласына мемлекеттік бюджеттен 671 млрдтеңге бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда16,2%-ға артық (577,2 млрд). Білім берудіқаржыландыру үлесі 17,6% құрады (бір жыл бұрын — 17,7%).

Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласынажұмсалатын шығындар 12,3%-ға артты (435,4-тен 488,9 млрд теңгеге дейін). Бұл ретте шығыстардыңжалпы көлеміндегі үлесі 12,8% құрады.

Сондай-ақ, мемлекеттік бюджет шығыстарыныңТОП-5 бағытына борышты өтеуге қызмет көрсету мен жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге қызметкөрсету кірді. Бұл тиісінше 252 және 225,1 млрдтеңге.

Шығыстардың ең көп бөлігі әлеуметтік көмекке жәнеәлеуметтік қамсыздандыруғашығыстардың жалпысомасының 27,6%-ы келеді. Бір жыл бұрын«әлеуметтік» үлес 26,8%-ды құраған.

Әлеуметтік мәселебасымдықта

2019 жылдың төрт айында әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға арналған мемлекеттікбюджет шығыстары жылына 20%-ға артып, 1,1 трлн теңгені құрады. 2018 жылдың ұқсас кезеңінде — 875 млрд теңге, өсім — 19,8% болған. Бұл салада орташашығындар жылына 15,6%-ға өседі.

Жалпы, 2019 жылы әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік көмекке бағыттау жоспарланған қаражаткөлемі 674 млрд теңгеге өсіп, 3,3 трлн теңгені құрады. Бұл республикалық бюджет шығыстарының 28%-ы. Жалпы әлеуметтік төлемдерге биыл  2,9 трлн теңгежұмсау жоспарлануда. Бұл туралы еңбекминистрі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді.

Халықпен есептік кездесу барысында министр бүгінде мемлекет әлеуметтік көмектің 39 түрінекепілдік беретінін айтты. Сонымен қатар, ол 2018 жылы 3,8 млн адамға (халықтың 20,9%-ы) бюджеттен2,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы мен жәрдемақы берілгенін еске салды. Ал міндеттіәлеуметтік сақтандыру жүйесінен 190 млрд теңгесомасына 800 мың адам төлем алды.