Шетелге көшкен қазақстандықтар БЖЗҚ-дан шамамен 100 млрд теңге әкеткен

Зейнетақы қорының мәліметтері бойынша, 2015 жылдан бастап 2018 жылға дейін шетелге қоныс аударуына байланысты 81 мың салымшының шоты жабылды.

Ресми статистикалық ақпарат негізінде, сондай-ақ БЖЗҚ редакциясы ұсынған деректерге сүйене отырып, эмигранттардың көбейіп бара жатқаны туралы қорытындыға келуге болады. Ал иммигранттардың саны қысқарып жатыр. Көші-қон сальдосы теріс. Көшіп келушілер саны 3 есе аз.

БЖЗҚ мәліметі бойынша көшіп кетуіне байланысты жинақтарын алып кеткендер саны

 

«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Сәуле Егеубаева атап өткендей, 2018 жылы зейнетақы төлемдерін алғандардың тек 46,6%-ы ғана 2018 жылы елден тыс жерлерге шығуды рәсімдеген.

Оның айтуынша, алушылардың осы тобының жартысынан астамы Қазақстаннан 2000 жылдан бастап кеткендер. Өздеріңізге белгілі, қолданыстағы заңнама бойынша зейнетақы жинағы басқа елдің азаматтығын алған жағдайда ғана беріледі. Тұруға ықтиярхат БЖЗҚ-дан жинағын алуға негі болып табылмайды.

Көші-қонның теріс сальдосы

Халықтың сыртқы көші-қоны туралы ресми статистика не дейді? Мемстаткомның бюллетенінде соңғы есептік жыл 2017 болып табылатындықтан, тек осы деректерді ғана пайдалана аламыз.

Сонымен, 2015-2017 жылдар аралығында Қазақстаннан 102 мың адам кеткен. Қазақстанға тұрақты тұруға 46 мыңға жуық адам келген

Ал эмигранттар саны әр жыл сайын өсіп келеді, иммигранттар болса, қысқарды.

Қазақстандықтар қайда кетіп жатыр? 89 мыңға жуығы Ресейге, 7,8 мыңы Германияға, үшінші орында Беларусь (1 293 көшіп кеткен). Қазақстанға кімдер келіп жатыр? Бірінші орында өзбектер. Ол жақтан елімізге 17,5 мың адам қоныс аударған. 12 мыңға жуық ресейлік көшіп келген. Үшінші орында қытайлықтар (6,3 мың).

2018 жыл бойынша біз нақты реципиент елдерді көрсетпей, сыртқы көші-қон бойынша жалпы ресми деректерді ғана келтіре аламыз. Осылайша, Қазақстаннан басқа елдерге 41,8 мың адам көшіп кеткен, оның ішінде ТМД елдеріне — 37,7 мың.  Иммигранттар саны — 12,7 мың адам болды, оның 10 мыңы — ТМД елдерінен.

Роскомстаттың мәліметінше, 2018 жылы Қазақстан көші-қон бойынша донор елдер арасында екінші орында

Біздің отандастарымыз Ресей халқын 26,5 мың адамға арттырды. Бұл экономикалық белсенді азаматтар екенін айта кету керек. Барлық көшіп кеткендердің арасында тек 2 245 ғана адам зейнеткерлік жаста болған.

Анар Мұстафина. Дерек көз.  365 инфо кз