ТДМ бойынша үздік қысқы демалыс орны: Шымбұлақ екінші орын алды

Дүниежүзілік қар күніне байланысты ТурСтат аналитикалық агенттігі ұйымдастырған интернет дауыс берудің қорытындысы бойынша Шымбұлақ ТМД-дағы қысқы курорттардың арасында екінші орын алды деп хабарлайды NUR.KZ.

ТМД елдеріндегі үздік бес қысқы демалыс орындарына Беларусь, Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Қырғызстандағы қысқы курорттар кірді.

Белоруссияда орналасқан Логойск пен Силичи үздік деп танылып, 32% қатысушылардың дауысына ие болды.

23% дауысты иемденген Шымбұлақ екінші орынға жайғасты.

Дауыс берушілердің 16%-ы әзірбайжандық Шахдаг пен Туфандаг курорттарын қолдады.