Теңгені не күтіп тұр: Сарапшылар ұлттық валютаға қатысты болжам жасады

Қазақстандық сарапшылар қаржы нарығындағы жағдайға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Tengrinews.kz

Экономист Алмас Чукиннің ұлттық валюта нығаюға мүмкіндік бар деп санайды.

Оның сөзінше, федералды резерв жүйесі 11 жылдық өсімнен кейін мөлшерлемесін төмендеткен.

Сарапшы осыған байланысты ұлттық валюта 370-380 теңгеге дейін нығаюы мүмкін екенін айтты.

Экономист Арман Бейсембаев екі сценарий қолданыста жүр деп санайды. Біріншісіне сәйкес, “бүгінге дейін реттеуші ерік-жігерді көрсетіп, курсты 385-ке бағыттайды”.

Екінші жағдайда, егер Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне жол берсе, онда ол бір доллар 400 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін.