Жаңа заң бойынша кімдерге кредит берілмейді?

Қазақстандықтардың қарызы артып барады. Ұлттық банк шағын кредиттерге шектеуқоймақшы.

Ұлттық банктің есебіне сәйкес, Қазақстанда 5 миллион адамның кредиті бар. Ал олардыңтұтынушылық кредиттер бойынша жалпы қарызы 4 триллион теңгеден асып кетті, деп хабарлайды SputnikҚазақстан тілшісі.

ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляковтың айтуынша, бүгінде онлайн кредит беретін ұйымдар көп. Аталған құрылымдар көпжағдайда халыққа жалақыға дейін ақшаны қарызғаалуды ұсынады. Ондай шағын несиелердіңмөлшерлемесі де тым жоғары. Соның салдарынанадамдар қарызға белшесінен батып, ақшаны қайтараалмай жатады. Онлайн кредиторлар болса, бірқатаршектеуге қарамастан өз қызметтерін жалғастырабереді. Осыған байланысты арнайы заң жобасыаясында жаңа жүйені енгізу жоспарланып отыр.

«Біріншіден, қарызды қайтару мерзімі өтіп кеткеназаматтарға кредит берілмейді.

Мәселен, кредит алған адамның ақшанықайтару мерзімі 60 күннен асып кетсе, оғанқосымша кредит рәсімделмейді.

Өйткені кейбір адамдар бірінші кредитті жабу үшінтағы кредит алып жатады. Екіншіден, кредит сомасының шекті мөлшері болады. Қарыздыңсомасын арттыруға мүмкіндік берілмейді. Әйтпесе, артынан ондай кредитті өтеу қиынға түседі», — дедіО.Смоляков қаржы нарығы мен микроқаржыландыруқызметін реттеу бойынша кейбір заңнамалықактілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралызаң жобасын таныстыру рәсімінде.

Оның айтуынша, жалақыға дейін берілетіннесиелердің мөлшерлемесі де тым көп.

«Осыған байланысты қайтарылатын ақшаның шектімөлшері болады. Мәселен, бір кредитті қайтарусомасы барлық айыппұл мен мөлшерлемені қосасанағанда сол кредиттің екі еселік мөлшерінен аспауытиіс», — деп атап өтті ұлттық банк төрағасыныңорынбасары.

ҚР Ұлттық банктің мәліметіне сәйкес, бүгінде 5 миллион адамның жалпы қарызы 4 триллион теңгеніқұрайтынын екерсек,

әрбір кредит алған адамның мойнындаорташа есеппен 800 000 теңге бар.

Ал кейбір микроқаржыландыру ұйымдарының несиемөлшерлемесі 1000 процентке дейін барады. Аталғанұйымдар кредиттік бюроға тиісті ақпаратты да бермейді. Соның салдарынан несиелендірусаласындағы қаржылық қауіп-қатерлерді зерделепотыру қиын. Қаржылық есептің аудиті жүргізілмейді. Ал ондайда табысты жасырып, салықтан жалтаруғамүмкіндік бар. Ақшаны жылыстату мен терроризмдіқаржыландыру қаупі де жоқ емес.