Иманғали келуі мүмкін бе? “Халықтың сүйіктісі” деген фактор бар – саясаттанушы

Саясаттанушы Ислам Кураев Иманғали Тасмағамбетовтың президент сайлауына ұсынылуы мүмкіндігіне байланысты бір ауыз пікірін жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның ойынша, бәрі де мүмкін сияқты.

“Шындығында, Тас президент сайлауына түссе де, түспесе де – халықтың анық көпшілігінің осы бір саяси фигураға бүйрегі қатты бұрады. Бірақ Тасмағамбетовты сайлауға қатыстырып жатса, мұны Қазақстан элитасының ва-банк ойыны, форс-мажор жағдайдағы әрекеті деп санауға әбден болады.

Оның екі түрлі салдары болуы мүмкін:

1. Тасмағамбетовпен келісуге болады. Мемлекет басшысы ретінде бір мерзім отырып, одан кейін билікті семьяға жақын біреуге беріп кетесің деп. Тастың мұндай ұсыныспен келісуі-келіспеуі басқа мәселе.

2. Оны сайлауға ұсынады, бірақ жағдай күрт өзгеріп, ол тәуелді болғысы келмей, билік институттарын реформалау үшін барын салуы мүмкін. Ол осылайша түрлі құрылымдарға қысым жасау арқылы өз ойынын жүргізетін кландардың ықпалын жояды.

Ия, дәл басып айту қиын. Тасмағамбетовтың тұлғасы тым харизмалы, тым беделді, тым “билікті”. Сосын оны халық жақсы көреді.

Бұл жерде тек “халықтың сүйіктісі” деген фактордың арқасында ғана оны билік транзитіндегі пайдалы рөлде ойнатуы мүмкін. Халықтың сыны мен наразылығын азайту үшін “халықтың бір сүйіктісі” керек-ақ”, – деп жазады ол.