
Алматыда шетелдік туристер ағыны бірден 73 пайызға өскен. Бұл туралы қалалық әкімдік өкілдері мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
«Алматының туризм басқармасының мәліметінше, 2023 жылы бірінші жарты жылдықта қалаға келуші шетелдік туристер саны 72,6 пайыз (261,6 мың адам) болған», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ, ішкі туристер ағыны да едәуір өсіп, 24,6 пайызға (710,6 мың адам) жеткен.
«БАӘ, Катар, Кувейт, Иран, Үндістан, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания және Германиядан келген шетелдік туристер ағынының өскені байқалады», – делінген басқармас хабарламасында.
Жыл соңына дейін Алматыға келетін шетелдік туристер саны 500 мыңға жетеді деп күтіледі.