10 есе көп: Қазақстандағы шетелдік мұнайшылардың жалақысы қанша?

Қызылорда облысындағы ірі мұнай компанияларында лауазымы бірдей қазақстандық және шетелдік мамандардың жалақы айырмашылығы 10 есеге дейін жеткен. Бұл туралы сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бақтиярұлының айтуынша, мұнай компанияларында істейтін шетелдік және қазақстандық мамандардың жалақысында үлкен айырмашылық бар.

“Мысалы, тексеріс барысында Қызылорда облысындағыПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсизкомпаниясында жұмыс істейтін қазақстандық учаске шеберінің жалақысы 315 мың теңге болса, шетелдік осы лауазымдағы осы маманның жалақысы 3 миллион теңгеден асады. Мұндай мысалдар Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында да жеткілікті“, – деді ол сенаттың жалпы отырысында премьер-министрге жолдаған депутаттық сауалында.

Сенатордың айтуынша, Қазақстанның қолданыстағы еңбек және жұмыспен қамту заңнамаларында сәйкессіздік фактісі орын алған жұмыс берушілерге қатысты ықпал ету тетіктері қарастырылмаған.

“Осыған байланысты құрметті Асқар Ұзақбайұлы, жергілікті және шетелдік қызметкерлерге еңбекақы төлеу жөніндегі халықаралық тәжірибелерді тұжырымдап, еңбекақыдағы сәйкессіздіктерді қысқарту, оның ішінде шетелдік жұмыс күшін тарту кезінде міндеттемелерді орындау бойынша жауапкершілікті күшейту және мұнайды терең өңдейтін мұнайхимия саласын дамыту жөнінде кешенді шаралар қабылдауыңызды сұраймын“, – деді Бақтиярұлы.