18 жастағы суретші қыз “Теміртау аруы-2019” байқауында жеңіске жетті – Мәнер

Теміртаудың ең сұлу қызы атағына 18 жастағы Елизавета Максимова лайықты болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қыз бала медициналық колледжде фельдшер мамандығы бойынша білім алып жүр, бірақ мамандығы бойынша жұмыс істемейтінін айтады. Ол портреттерді кәсіби түрде жазады және осы хоббиінен қаражат табады.

“Модельдік кәсіпке мен жаңадан келдім. Бұрын ешқашан билемедім, биік өкше киіп ұзақ уақыт бойы жүріп көрмегенмін. Осының бәрін үш апта бойы үйренуге тура келді. Бірақ барлық қорқынышты ысырып тастап, байқауға қатысатын болып бел будым. Ойша болсын жеңіске жетіп жатқанымды елестететінмін, менің ойымша, бұл маған көмектесті”, – дейді Елизавета.


Фото ©Ольги Бегенеевой

Дегенмен, байқаудың жеңісі қыз үшін тосын сый болды. Ол тіпті”Теміртау аруы” болғанын бірден түсінбеді.

“Менің есімімді атаған кезде, мен бірінші вице-ару туралы ойладым. Тіпті аздап ренжіп үлгердім, себебі жеңіліс таптым деп ойладым. Сол себепті маған тәж беріп, құттықтай бастаған кезде таң қалғанымды жасыра алмадым”, – деп күледі ол.


© Ольги Бегенеевой


© Ольги Бегенеевой

Теміртау үшін бұл алғашқы ауқымды сұлулық байқауы. Оның ұйымдастырушысы Мадина Ахметбаева шағын қала үлкен әлеуетке ие, өйткені мұнда талантты қыздар көп тұрады деп санайды.

“Биыл біздің облысты Қарағанды, Жезқазған және Теміртау қалаларының үш сұлу таныстырады. Олардың барлығы жарқын және бірегей, әрқайсысында жеңіске жету үшін жақсы мүмкіндік бар. Әрине, “Қарағанды аруы” біз бұрын таңдадық және оның дайындығына көп уақыт бөлінді. Бірақ біз барлық қиындықтарды жеңеміз деп ойлаймын”, – дейді Мадина.

“Мисс Караганда” стала 17-летняя Дарига Сакбасынова, а “Мисс Жезказган” – Арайлым Хамитова. Обе девушки обучаются в колледжах иностранных языков.

“Қарағанды аруы” атағын 17 жастағы Дариға Сақбасынова, ал “Жезқазған аруы” титулын Арайлым Хамитова иеленді. Екі қыз да шет тілдер колледждерінде оқиды.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz