2018 жылы Қазақстан халқын қанша мереке және демалыс күндері күтіп тұр?

E-gov порталы 2018 жылы Қазақстан Республикасындағы мереке және демалыс күндердің тізімін жариялады:

Мереке күндерін ауыстыру
Егер мемлекеттік немесе ұлттық мереке демалыс күніне (сенбі, жексенбі) келсе, демалыс күндері бір күнге ұзартылады.

Мемлекеттік және ұлттық мерекелер, мейрам күндері ауыстыру
1-2 қаңтар Жаңа жыл
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні
21-23 наурыз Наурыз мейрамы
1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні
7 мамыр Отан Қорғаушы күні
9 мамыр Жеңіс күні
6 шілде Астана күні
30 тамыз Конституция күні
1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні (демалыс күндері: 1, 2, 3 желтоқсан)
16-17 желтоқсан Тәуелсіздік күні (16 желтоқсан демалыс күнге түсіп, 18 желтоқсанға ауыстырылады)

 

Мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні, 7 қаңтар – православиелік Рождество демалыс күндері болып табылады.

2018 жылы Құрбан айттың бірінші күні 21 тамызға тура келеді.

 

Анықтамалық ақпарат: 

ҚР Еңбек кодексінің 85 бабының 3 тармағына сәйкес, мереке күндері кезінде жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында Үкімет демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы.

2018 жылы демалыс күндерін өткізу туралы ҚР Үкіметінің Қаулысы .