2019 жылғы “Болашақ” стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

234 үміткер “Болашақ” стипендиясының иегері атанды. Стипендия иегерлерінің тізімі Халықаралық бағдарламалар орталығы ресми сайтында жарияланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

“Шет елде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша стипендия магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша алдыңғы қатарлы шетелдік жоғары оқу орындарында білім алатын, сондай-ақ әлемдік ғылыми және өндірістік орталықтарға тағылымдамадан өтетін 234 үміткерге берілді”, – делінген хабарламада. 2019 жылғы 26 қарашадағы “Болашақ” халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімін МЫНА жерден көруге болады. Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, стипендиаттарды бөлу санаттары бойынша өтті: мемлекеттік қызметшілер – 21, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері – 4, өз бетімен түскендер – 200, инженерлік-техникалық қызметкерлер – 12, жалпы конкурс – 65, ғылыми-педагогикалық қызметкерлер – 19. Аустралия – 4 адам, Ұлыбритания – 242, Канада – 4, Италия – 7, АҚШ – 54, Германия – 2, Бельгия – 2, Ресей – 4, Нидерланды – 2.
Kaz.tengrinews.kz