2019 жылы елімізде құжат жасату құны қалай өзгерді? – Ел жаңалықтары

Tengrinews.kz редакциясы қазақстандықтардың 2019 жылы құжат жасатуға қанша ақша жұмсайтынын анықтады.

“Азаматтарға арналған үкімет” Мемлекеттік корпорациясы” КЕАҚ мәліметінше, 2019 жылы АЕК өзгергеніне байланысты құжат жасату құны да біршама өзгерген:

жеке куәлік – 505 теңге;

паспорт – 20 200 теңге;

Айта кетейік, Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларында паспортты бір жұмыс күні ішінде 5135 теңгеге жасатуға тапсырыс беруге болады, ал үш жұмыс күні ішінде жасатуға 2905 теңге төлейсіз. 

– жүргізуші куәлігі – 3150 теңге; 

– көлік құралын тіркеу туралы куәлік – 20200 теңге; 

– туу туралы куәлікті қайта жасату – 2525 теңге; 

– неке қию туралы куәлікті қайта жасату – 2525 теңге

Сонымен қатар, “Азаматтарға арналған үкімет” қызметкерлері ХҚКО-лар мен Арнайы ХҚКО-ларда құжат рәсімдеуге банк комиссиялары да барын ескертеді.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz