2020 жылы мұғалімдердің жалақысы қанша пайызға көтерілетіні белгілі болды

Келесі жылы мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға өседі, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

“Тамыз конференциясында мұғалімдердің жалақысын алдағы төрт жыл ішінде екі есеге көбейтуді тапсырдым. Бұл келесі жылы мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға көтеріледі деген сөз”, – деді Президент жолдауында.

Еске салайық, мұның алдында Президенттің бүгін, 2 қыркүйекте халыққа Жолдау жариялап, онда ішкі саяси мәселелер, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, экономиканы жаңғырту, халықты әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері айтылатыны хабарланған еді.

Kaz.tengrinews.kz