
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы қаулысыменқандастар (оралмандар) мен қоныс аударушыларды қабылдауға арналған 2020 жылғы аймақтық квоталар белгіленді, деп хабарлайды zakon.kz.
Квота “Көші-қон туралы” заңға сәйкес белгіленеді:
– 2020 жылы қандастарды қабылдауға арналған аймақтық квота 1378 адамға бөлінді;
– 2020 жылға арналған қоныс аударушыларды қабылдаудың аймақтық квотасы 4750 адамды құрайды.
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбе бойынша 10 күннен соң қолданысқа енгізіледі.