
Егер сіз осы уақытқа дейін ЕСП төлеп келген болсаңыз, 2024 жылдың 1-қаңтарынан бастап ЕСП күшін жояды.
Сізде 2 жол бар:
1. ИП тіркеу
2. Ип ретінде төлесем, өзіме ештеңе қалмайды десеңіз, кәсіпті тоқтату.
ИП ретінде тіркелуді таңдасаңыз:
- Салық режимін таңдаңыз: упрощенка, патент, мобильді қосымша негізіндегі арнайы салық режимі деген режимдерге зер салып көріңіз
- ОКЭД таңдау. ОКЭД дегеніміз кәсіптің 5 таңбалы коды. Google ға ОКЭД РК деп жазсаңыз, тізімі шығады
- ИПны тіркеу. Қаңтарда тіркегеніңіз жөн болады. Каспи приложения арқылы тіркей салсаңыз болады
- Қолма қол ақша немесе каспи пей арқылы жұмыс істейтін болсаңыз, касса тіркеу
- Әлеуметтік төлемдерді келесі айдың 25 не дейін ұмытпай төлеп отыру. Мысалы, қаңтар үшін ақпанның 25 не дейін. Олардың минимальды сомасы келесі жылдан бастап: зейнетақы — 8500 теңге, әлеуметтік төлемдер — 2975 теңге, медициналық сақтандыру — 5950 теңге.
- Салық есептілігін тапсыру мерзімдерін ұмытпау! «Упрощенка» болса мысалы, жылына 2 рет 15 ақпанға дейін және 15 тамызға дейін тапсырылады.