55 мыңнан аса қазақстандық МӘСҚ төлемдер алды

2019 жылдың 8 айында 577 мың қазақстандық шамамен 129,9 мллард теңге сомасында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдер алды, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Еңбек және  әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кейбір азаматтар МӘСҚ-дан бірден бірнеше төлем түрлерін алатындығын айта кету керек. Осылайша, асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін төлем сомасы 6,3 миллиард теңгені (төлемдердің жалпы көлемінің 4,9 пайыз), еңбек қабілетінен айырылған жағдайда – 9,1 миллиард теңгені (7 пайыз), жұмысынан айырылған жағдайда – 2,9 миллиард теңгені (2,3 пайыз), жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда – 52,1 миллиард теңгені (40,1 пайыз), бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда – 59,5 миллиард теңгені (45,8 пайыз) құрады. Жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты аналарға арналған Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін төлемдердің орташа мөлшері 416 400 теңгені, ал төлем алушылардың саны – 134,7 мың адамды құрады. Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты әлеуметтік төлем мөлшері 31 052 теңгені құрады, оны 353,8 мың қазақстандық алды. Жұмысынан айрылу жағдайы бойынша 47 мың адам әлеуметтік жәрдемақы алды, оның орташа мөлшері 22 401 теңгені құрады. 45,6 мыңнан астам қазақстандыққа асыраушысынан айрылу жағдайында төлемдер төленді, олардың орташа мөлшері 17 578 теңгені құрады. Тағы 82,9 мың азамат еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлем алды. Төлемнің орташа мөлшері 14 855 теңгені құрады. Сонымен қатар, еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша алушыларға мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен төлемдер жүргізіледі. 2019 жылдың 8 айында МӘСҚ-на Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің 5,9 миллион қатысушысы үшін жалпы сомасы 161,9 миллиард теңге әлеуметтік аударымдар келіп түсті. Төлеушілер жалпы сомасы 0,3 миллриард теңгеге әлеуметтік аударымдарды уақытылы аудармағаны үшін өсімпұл аударды. Есепті кезеңде бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер саны 171,4 мың адамды құрады.

Kaz.tengrinews.kz