6 мамырға арналған ауа райы болжамы

“Қазгидромет” РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың батысында жауын-шашын болады.

Республиканың кей жерінде тұман, желдің күшеюі, найзағай, дауыл, бұршақ жаууы, оңтүстүкте шаңды дауыл болуы мумкін.
Қызылорда облысының кей жерінде шаңды дауыл болып, түнде кей жерде, күндіз басым бөлігінде жел жылдамдығы    15-20 м/с, күндіз кей жерінде 25 м/с күшейеді.
Атырау облысының кей жерінде найзағай, дауыл, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дауыл, бұршақ жаууы мумкін.
Батыс Қазақстан облысының кей жерінде найзағай болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мумкін.
Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Қостанай, күндіз Ақтөбе облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшеюі ықтимал, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының кей жерінде тұман түседі.
Ақмола, түнде Алматы облыстарының кей жерінде тұман түсуі мүмкін.
baq.kz