“7-20-25” бағдарламасы бойынша қанша қазақстандық ипотека ала алмады? – Жылжымайтын мүлік

2019 жылы “7-20-25” бағдарламасы бойынша қазақстандықтардың баспанаға деген қажеттілігі шамамен 16 мың пәтер болады. Бағдарламаға қатысқандардың 17 пайызына ипотека берілмейді. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

“17 қаңтардағы жағдай бойынша “7-20-25″ бағдарламасы бойынша 52 миллиард теңгеге 4 350 өтінім мақұлданды. Осы күнге дейін өтініш білдіргендердің 17 пайызына – 1237 арыз бойынша қарыз берілмеді. Негізгі себеп – несие тарихының нашарлығы және қажетті ресми табыстың жетіспеушілігі”, – деді Данияр Ақышев. 

Ақышевтің айтуынша, бағдарламамен алуға болатын баспаналар аз екен. 

“Қазіргі уақытта өңірлерде бастапқы тұрғын-үй жетіспеушілігі себепші. Осы орайда бұл тұрғын үй талаптарын жақсартатын көпбалалы отбасылар, балаларына баспана сатып алатын ата-аналар, басқа географиялық өңірге көшетін азаматтар болуы мүмкін”, – деді ол. 

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz