Әлем чемпионатына жолдама

Желтоқсанның 7,8,9  күндері Алматыда бразилиялық джиу-джитсу және грэпплингтан Arlan Grip Selection және Азия мен Океания чемпионаты өтеді.  Боз кілем бәсекесіне  әлемнің үздік спортшылары қатысады.  

Желтоқсан айының 7-і күні  бразилиялық джиу-джитсудан жылда өтетін Arlan Grip Selection турнирі аясында 18-ден асқан ересектер National Pro Team-нан сайысқа түседі.  8 және 9-ші желтоқсан осы жарыс аясында 18-ден асқан ересектер және әйелдер арасында  грэпплингтен 2019  жылы АҚШ-та өтетін әлем чемпонатына жолдама үшін AIGA (әуесқойлар) мен ADCC (тәжірибелілер) тұжырымдары бойынша өзара мықтыны анықтайды.

Азия және Океания чемпионаты осымен Алматыда екінші рет өткізіледі. Алғашқы рет ол 2016  жылы ұйымдастырылды. Осы жолы сайысқа тәжірибелі грэпплерлер Австралия, Малайзия, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай мемлекеттерінен келеді.

Грэпплингтен әлем чемпионаты екі жылда бір рет өткізіледі. 2021 жылғы әлем  біріншілігі  алғаш  рет Қазақстанда, жалпы ТМД елдерінде ұйымдастырылады.

Осы жылғы Азия және Океания чемпионатының жүлде қоры 20 мың долларды құрайды. Барлық турнирлер жоғарды да белгіленген күндері ABB Arena спорт кешенінже өтеді. Ақшалай сыйлықтардан бөлек жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы Arlan Grip медаліне ие болады. Жарыстың  басталуы күнделікті сағат 10:00-де басталады.

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ