“Әрбір акционер өз банкінен ұрлайды” – Назарбаев – Ел жаңалықтары

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев “нашар банктерге” ақша бермеуді тапсырды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Президентке “әлсіз банктерден тазарту” жұмысы туралы баяндады.

“Экономиканың басым секторларын несиелендіру үшін 600 миллиард теңге бөлу механизмі іске қосылды. Несие беру механизмдері анықталды. Бірінші банк несие беру үшін қаражатты игере бастады. (…) Сонымен қатар, Ұлттық банк әлсіз банктерді тазалау жұмыстарын жүргізді. Өткен жылдардың қателіктері ескерілді. Жұмысқа қатаң ережелер енгізілді”, – деді Данияр Ақышев.

“Бұл 600 миллиард теңге бизнесті дамытуға бөлінді. Бұл қаражат ұзақ мерзімді жобаларға жұмсалуы керек. Сіз мұны қандай нысандарға жұмсау керегін анықтадыңыздар ма? Егер маңызды және қажетті кәсіпорындар мен өнімдерге нақты жұмыс істесек, онда біз осы бағдарламаны жалғастыра береміз”, – деді Президент.

“Егер сіз оларды нашар компанияларға беретін болсаңыз, жағдай тағы да қайталанады. Ақша құрыды. Өзіміз игере алмадық… Тығырыққа тіреліп, ақшаны ауаға шашқан компанияларға берудің не қажеті бар еді? Біздер – екінші деңгейлі банктер де, үкімет те бұл істі қолға алған жоқ. Кімге болсын бере бердік. Олар қайта несиелендірілді, қайтара алмайды, сосын оларға тағы субсидия береді. Әлемде кім бұлай жұмыс істейді?”, – деді Назарбаев.

“Бәрі де дұрыс, біз статистиканы көрдік. Несиені қайтармаған кәсіпорындардың көпшілігі қазір де жұмыс істеп жатыр. Әсіресе бұл шағын кәсіпке қатысты. Көбісі аяғынан тұрып кетпеген, өз капиталы жоқ және жаңа арзан несиелерді талап етеді. Барлығы қайта несиелендірілген. Қарыздары өсіп жатыр”, – деп жауап берді Ақышев.

Назарбаев Ақышевті осы жағдайды бақылауға алуға шақырды. 

“Сонымен не істейміз? Біз оларға осы несиелер береміз немесе тәртіп орнатамыз ба? Дәулетсіз. Мүлде! Қанша пайыз қайтарылмаған. Олар осылай жүре бере ме? Бұл қылмыстық іс болуы тиіс және қаражаттың қайтарылуы мемлекеттің барлық қажетті мүмкіндіктерімен қамтамасыз етілуі тиіс. Мен қадағалау комитеті жайлы айтқан кезімде, “Мен өзім жасай аламын” – дедің. Енді бақыла осының бәрін. Заңды бердік. Әрқайсы үшін! Әрбір акционер өз банкінен ұрлайды, соның артынан қуып жүргеніміз сол. Ал біз қайда болдық? Бұл нашар жұмыс”, – деді Президент.

Мемлекет басшысының қатысуымен кездесу үкімет үйінде өтіп жатыр. Отырысқа Парламенттің Сенат және Мәжілісінің спикерлері, елдің премьер-министрі, мемлекеттік хатшы, Президент Әкімшілігінің басшысы, үкімет мүшелері, қалалар мен облыстардың әкімдері, Президентке тікелей есеп беретін орталық мемлекеттік органдардың басшылары қатысып жатыр. 

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz