ІІМ жоғары лауазымды 450 полицейді жұмыстан босатпақшы

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменов алдағы уақытта ведомствода болатын реформа туралы айтып берді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында сөз сөйлеген Сүлейменов реформа жасау мақсатында арнайы жол картасы әзірленіп, негізгі 9 бағыт айқындалғанын айтты.

“Ішкі істер органдарының ұйымдастырушылық-штаттық құрылымын оңтайландыру ескерілген.

Осы орайда артық басқарушылық буындарды тарату мен  штаттық санды 10 пайызға азайту қарастырылған», – деді министрдің орынбасары.

Оның сөзіне қарағанда, 450 басқарушылық лауазымдар қысқарады деп күтілуде.