Құдайбергенов пен Киясов сот үкімін қайта қарауды сұрап жатыр – Қылмыс

80

Сот қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты істі қайта қарайды. Қамаудағы Арман Құдайбергенов пен Нұралы Киясов апелляцияға берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Шағым үкім шыққан соң екі аптадан кейін түскен. Оған дейін екі қылмыскер 18 жылға, ал олардың жүкті сыбайласы – төрт жылға бас бостандығынан айырылған. Телеарна тілшісінің хабарлауынша, Жанар Толыбаева да апеляяцияға беруге ниетті. Оның қорғаушысы қазір тиісті құжаттарды дайындап жатыр. 

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz