Қарағандыда көпқабатты үйден өрт шығып, 3 бала газдан уланды – Тосын жай

92

Қарағанды облысында тоғыз қабатты тұрғын үйлердің біріндегі пәтерде өрт шығып, 13 адам құтқарылды. Олардың жетеуі – балалар, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД өкілдеріне сілтеме жасап.

Бұл оқиға 4 ақпанда болған. ТЖД мәліметінше, үш бала ауруханаға жеткізілген.

«Сағат 22.12-де өрт сөндіру қызметіне Октябрь ауданы №15 ықшамаудандағы тоғыз қабатты үйден өрт шыққаны жайлы хабарлама келген. Өрт үйдің 8-қабатында шыққан, аумағы – 10 шаршы метр. Оқиға орнына барған өрт сөндірушілер 13 адамды құтқарды, жетеуі – балалар. Өрт сағат 22.36-да ауыздықталып, 22.43-те толықтай сөндірілді. 2011, 2014 және 2018 жылғы үш бала газдан уланып ауруханаға жеткізілді», – деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментіндегілер.

Қазіргі уақытта өрттің себебі анықталып жатыр.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz