Қарағандыдағы кісі өлімі: Күдікті Гурурян ұсталды – Ел жаңалықтары

Қарағандыда1 қаңтарға қараған түні бұзақылық әрекет жасады және адам өлтірді деп күдікке ілінген армениялық Нарек Гурурян ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ сыртқы және ішкі коммуникация департаментінің директоры Алмас Сәдубаев мәлімдеді, – деп хабалайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Бүгін Қазақстан ІІМ криминалдық полиция қызметкерлері Ресейдің құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, Омбы облысының территориясынан Қарағандыда 1 қаңтарға қараға түні бұзақылық әрекет жасады және адам өлтірді деген күдікке ілінген армениялық Нарек Гурурянды ұстады”, – деп хабарлады Сәдубаев. 

Оның айтуынша, қазіргі уақытта күдіктіні Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр. Нарек Гурурян 1997 жылы туған, оған 3 қаңтарда халықаралық іздеу жарияланған. Оның суретін құқық қорғау органдары таратқан еді. 

ІІМ өкілдерінің айтуынша, Гурурян Ресейге 1 қаңтарда кетіп қалған.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz