ҚазҰУ-дың құрылғанына 85 жыл толды-Фотобаян

230

Бүгін еліміздің жетекші университеті әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылғанына 85 жыл толып отыр. 1934 жылдың 15 қаңтары Қазақстандағы тұңғыш көп салалы университеттің ресми ашылу күні болып саналады. Сол күні оқытушы-профессорлар құрамы туралы бұйрыққа қол қойылып, алғашқы студенттерді қабылдау басталды.

Университет құрылғаннан бері Қазақстанның әлеуметтік-саяси өміріне және экономикасына аса зор үлес қосып келеді. Бүгінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық ғылым және білім беру кеңістігінде өзінің лайықты орнын алып, жоғары білім саласындағы әлемдік көшбасшы университеттің біріне айналды.

Суреттерді түсірген: Досжан Балабекұлы

Тарихи суреттер ҚазҰУ музейінен алынды