Қазақ-қытай шекарасында жер сілкінді

Желтоқсанның 2-і күні Астана уақытымен таңертеңгі сағат 5:54 кезінде Алматыдан шығысқа қарай 299 шақырымда жер сілкінісі тіркелді деп хабарлайды Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік орталығы.

3,9 магнитуданы құраған жер сілкінісінің ошағы Қазақстан мен Қытай арасындағы шекара аумағында, жердің 25 километр терең қабатында болған. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 8.8.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.