Қазақстан құрамасының футболшысы ресейлік клубқа ауысты – Футбол

“Астана” клубының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов спорттағы карьерасын “Ростов” командасында жалғастыратын болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап. Бұл туралы ресейлік клубтың ресми сайтында айтылады.

Бахтиер карьерасын “Тараз” командасында бастаған болатын. Жартылай қорғашушы 2017 жылы қазақстандық премьер-лиганың ең жас үздік ойыншысы атанған еді. Ал 2018 жылы футболшы “Астана” командасына ауысқан болатын. 

Спортшы биыл күзде Еуропа Лигаасында алты матчқа қатысқан. Ал “Астана” клубында Зайнутдинов 35 матч өткізді.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz