«Қазақстан темір жолының» жаңа басшысы болып Сауат Мыңбаев тағайындалды

249

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның басқарма төрағасы болып Сауат Мыңбаев тағайындалды.

Жаңа басшыны бүгін «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов таныстырды. Ахметжан Есімов Сауат Мұхаметбайұлының бұрынғы жұмыс орындарында жақсы нәтиже көрсеткенін атап өтті.

Сауат Мыңбаев бұрын қаржы құрылымдарында түрлі қызметтерді атқарған. Әр жылдары Қазақстан Республикасы қаржы министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасы қаржы министрі, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасы сауда және индустрия министрі, Қазақстан Республикасы энергетика және минералды ресурстар министрі, Қазақстан Республикасы мұнай және газ министрі лауазымдарында еңбек еткен.

  • Сауат Мыңбаев 2013 жылдан бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болған.