
Қазақстан – ресейлік туристер жиі саяхаттайтын 5 елдің бірі. Ресейліктердің Қазақстанға туристік саяхатының саны биылғы 9 айда 2 млн 310 мыңға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 1 пайызға өсті. ТурСтат мәліметінше, ресейлік туристер жиі саяхаттайтын 10 елдің тізімінде Түркия (4,907 мың саяхат), Абхазия (3,621 мың), Финляндия (2,498 мың), Қазақстан (2,310 мың), Украина (1,793 мың), Қытай (1,449 мың), Эстония (1,343 мың), Грузия (979 мың), Германия (950 мың) және Италия (849 мың) бар.
Фото: Д.Балабекұлы. Дереккөз: Қазақпарат