Қазақстанда мамыр айындағы демалыс күні өзгертілді

Қазақстан Үкіметі 2019 жылдың 4 мамыры, сенбі күнгі демалысты 10 мамырға ауыстырды, – деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі.

Үкіметтің № 888 қаулысы 2018 жылдың 26 желтоқсанында қабылданды. Осылайша, қазақстандықтар Жеңіс күніне орай, 9 мамырдан (бейсенбі) 12 мамырға (жексенбі) дейін демалады.

Айта кетейік, келесі жылы барлығы 119 демалыс күні бар.

2019 жыл әдеттегідей жаңажылдық 4 демалыс күнінен басталады: 30, 31 желтоқсан мен 2019 жылдың 1 және 2 қаңтары.

“Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы” заңға сәйкес, еліміздегі Ұлттық мереке – 16-17 желтоқсанда атап өтілетін 16-желтоқсан – Тәуелсіздік күні. Ал Мемлекеттік мерекелер: Жаңа жыл (1-2 кантар), Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз), Наурыз мейрамы (21-23 наурыз), Қазақстан Халықтарының бірлігі мейрамы (1 мамыр), Отан қорғаушылар күні (7 мамыр), Жеңіс күні (9 мамыр), Қазақстан Республикасының Конституциясы күні (30 тамыз), Республика күні (25 казан). Тұңғыш Президент күні (1 желтоқсан).