Қазақстандық полицейлердің жаңа формасының жобасы көрсетілді

Ішкі істер министрлігінің өкілдері қазақстандық полицейлердің жаңа нысанды киімінің жобасын көрсетті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ведомстводағылар форманың суреттерін Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. ІІМ мәліметінше, полицейлердің формасы соңғы рет 2005 жылы өзгерген.  “Бүгінде ол заманауи талаптарға сай келмейді. Нысанды киім-кешектерге қойылатын негізгі талаптар – оның қолайлылығы, тартымдылығы, ыңғайлылығы және артық элементтердің болмауы. Нысанды киімдердің дизайнына, дайындалуына қосымша қаражат талап етілмейді. Полиция қызметкерлері нысанды киім-кешектермен кезең-кезеңмен қамтамасыз етіледі. Ол ескірген нысанды киімді ауыстыруға бөлінетін жыл сайынғы қаражат есебінен жүзеге асырылатын болады”, – деді ІІМ өкілдері.

Kaz.tengrinews.kz