Қазақстандықтар лаңкестердің тұтқынында: Ақорда құтқару кадрларын жариялады – Ел жаңалықтары

5-6 қаңтарда Сирияда қазақстандықтарды құтқару операциясына “Жусан” аты берілді. Ақорда баспасөз қызметі құтқару шарасы туралы деректі видеоролик ұсынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Әскерилер мен құтқарушылар 5 қаңтарда Ақтаудан ұшып шықты. Ұшақта гуманитарлық көмек, алғашқы қажетті заттар, тамақтану жиынтықтары салынған пакеттер болды. 

Эвакуация орнына қазақстандық күштер 5 қаңтарда 15:45-те жетті. Видеода балалар үшін қолайлы ұшу шаралары жасалғаны көрсетілген, оларды тамақтандырып, кітаптар мен ойыншықтар берді. Кейбір ер адамдарды ұшаққа көзін жауып кіргізді. 

Қазақстандықтар отырған борт Ақтауға 6 қаңтарда түнгі сағат екі шамасында қонды. 

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz