Қазақстанның ең сұлу аруының бала кездегі суреті жарияланды – Бір үзік

“Қазақстан аруы-2018” жеңімпазы Альфия Ерсайынның 10 жыл бұрынғы суреті байқаудың Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Альфия Ерсайын 16 жасында “Қазақстан аруы-2018” атанған еді. Альфия волейболмен, бимен айналысқан. 13 жасында модельдер мектебіне келген. Алайда сол кезде ата-анасы оған қарсы шығыпты. Ал 2017 жылы Альфия “Атырау аруы” атанған болатын.

Қазақстанның ең сұлу аруы Instagram желісінде қандай суреттер салады?


Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz