ҚОШ БОЛ АҒА!

ГРУ қаталдыққа үйрететін мектеп. Мен сол мектептің айла тәсілін нәзік жүрегіммен қабылдап, жүрек қалауымен нәзік жүрегіммен соғыстым -деген ” Қара майор” ағамның бүгін таң алдында нәзік жүрегі тоқтады. “Балам , елім барда ұлылық ескерусіз қалмайды” деп еді соңғы кездескенде.. “Аспандай берме жерден ұзап кетесің.Жерден ұзап кетсең елден ұзап кетесің. Елден ұзап кетсең барсакелмеске кетесің” деп ұрысып -ұрысып алушы еді. Бүгін міне аңыз адам Борис Төкенұлы Керімбаев келместің кемесіне мініп барсакелмеске аттанып кетті.
Қош бол АҒА!

Шоқан Сыздықұлы