Қызылордада жасөспірім жаяу жүргіншіні қағып өлтірді – Тосын жай

Қызылордада жасөспірім жаяу жүргіншіні қағып өлтірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ішкі және сыртқы коммуникация департаментінің директоры Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап. 

2018 жылы 28 желтоқсанда кәмелет жасына толмаған бала көлікпен жаяу жүргіншіні қағып өлтірген жол-көлік оқиғасы дерегіне қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. 

“Автокөлік кінәлі адамның анасына тиесілі. Сол күні ол ата-анасының рұқсатынсыз көлікпен қалаға шығып, жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Оқиға орнында ол зардап шеккен адамды көлігіне салып, ауруханаға жеткізген. Алайда ол 1 қаңтарда алған жарақатынан ауруханада қайтыс болды. Жасөспірім өз кінәсін толықтай мойындады. Қазіргі уақытта ол анасының қарауына берілді”, – делінген хабарламда. 

Сонымен қатар, автокөлік иесіне қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Тергеу шаралары ІІМ бақылауына алынды. 

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz