ҰҚК: Қазгидромет басшылығы ұсталды – Қылмыс

Қазгидромет басшылығы ұсталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

“Осы жылдың 17 қаңтарында Ұлттық қауіпсіздік Комитеті жүргізген шаралар нәтижесінде “Қазгидромет:  РМК-ның бірқатар басшылары ҚР ҚК 366-бабы 4-тармағымен көзделген қылмысты жасады деген күдікпен ұсталды”, – делінген ҰҚК хабарламасында.

Комитеттегілердің мәліметінше, қазіргі кезде жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр Басқа ақпарат тергеу мүддесінде жарияланбайды.

 

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz