ҰҚК экс-басшысы Нартай Дүтбаевтың қамау мерзімі қысқартылды – Ел жаңалықтары

ҚР ҰҚК бұрынғы төрағасы Нартай Дүтбаевтың қамау мерзімі қысқартылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соттағылардың мәліметінше, 2019 жылдың 22 қаңтарында Жоғарғы соттың кассациялық алқасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-басшысына қатысты істі қарады. Нартай Дүтбаевтың қамау мерзімі 12 жылдан 11 жылға қысқарғаны жайлы мәліметті оның адвокаты Негмат Исергепов растады.

Нартай Дүтбаевтың ұсталғаны жайлы 2016 жылдың 28 желтоқсанында белгілі болған ещді. 

“Жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында 2016 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 185-бабының 3-бөлімінде (“Мемлекеттік құпияларды жария ету”) және 362-бабының 3-бөлімінде (“Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану”) көзделген қылмыстарды жасауға күдіктілігі бойынша Дүтбаев Нартай Нұртайұлы, Хасен Нұрлан Болатұлы және Нұртаев Ерлан Сүйімбайұлы ұсталды”, – делінген еді ҚР ҰҚК хабарламасында.

Сонымен қатар, осы аталған тұлғалардың Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабының тәртібінде ҰҚК уақытша ұстау изоляторына қамалғаны хабарланды. Күдіктілер мен олардың туыстарының тұрғылықты мекен-жайы бойынша тінту жұмыстары жүргізілді, заттай айғақтар тәркіленді. 

Айта кетейік, Нартай Дүтбаев 2001-2006 жылдар аралығында ҰҚК төрағасы қызметін атқарған болатын.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz