ҰҚК Түркістанда төрт ер адамды ұстады – Ел жаңалықтары

Түркістан облысының төрт тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

“2019 жылғы 14 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті ішкі істер органдарының қатысуымен жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Түркістан облысының төрт тұрғыны ұсталды”, – делінген хабарламада.

Олар терроризмді насихаттады және діни алауыздықты қоздырды деген күдікке ілінген. Ұсталғандардың тұрғылықты жері бойынша деструктив бағыттағы қолжазбалар мен электрон нұсқадағы діни әдебиеттер алыныпты. Тергеу жалғасып жатыр.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz