Үйіне кіріп бара жатқан әйелді тонаған ер адам видеоға түсіп қалды – Қылмыс

Алматы облысында үйіне кіріп бара жатқан әйелді тонаған адам видеоға түсіп қалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқырман жолдаған видеодағы оқиға 29 желтоқсанда Қарасай ауданы Іргелі ауданындағы тұрғын үй кешенінің кіреберісінде болған. Видео авторының айтуынша, әйелдің сырғасын ұрлап кеткен.

Алматы облыстық Полиция департаментінің өкілдері бұл деректі растады. 

“Күдікті 1980 жылғы, Қарасай ауданындағы көрші ауылдың тұрғыны. Соталды тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы бойынша жүріп жатыр. Күдікті бір тәуліктің ішінде ұсталған. Тергеу Қарасай аудандық полиция қызметкерлерінің өндірісінде. Күдіктіге қатысты “келуге міндеттеу” бұлтартпау шарасы қолданылған”, – деп хабарлады Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілі Көбейхан Нұрахмет.

Іс таяу уақытта сотқа жолданады.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz