Ұлдарды шетінен алдап, доп бермей қойған қыз желі жұлдызына айналды – Футбол

Америкалық Миссури штатында тұратын жеті жасар Ариана дос Сантос Желі қолданушыларын футбол ойнау шеберлігімен таңғалдырып жатыр. Оның допқа иелік ету әдістері мен финттері жайлы Eurosport жазды. 

Қыздың Instagram желісіндегі парақшасына 100 мыңнан аса адам жазылыпты, оның ішінде әлем футболының жұлдыздары Криштиану Роналду мен Неймар да бар.

Жас спортшыны әкесі Дэвид жаттықтырады. Ол қызының доппен қимылдауға екі жасынан бастап қызыққанын айтады, ойын кезінде не істеуі керек екенін білмесе де, координациясы жетіліп қойған. 

Ариана мен ата-анасын “Барселона” клубы да шақыртып, қонақ қылған екен. Қыз клуб футболшыларымен 10 күндей жаттыққан.


Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz