
Үлкен Алматы көлі — Іле өзенінің саласының бірін жанай өтетін оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 154 шақырымға созылған, Іле Алатауындағы көл. Үлкен Алматы көлі Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 28,5 км қашықтықта, теңіз деңгейінен 2497 |м биіктікте Үлкен Алматы өзенінің аңғарында орналасқан. Мұздық суымен нәрленетін көл 500 м ендікте 1 шықырым ұзындыққа созылады. Ең жоғары температурасы 12,8°С-қа жетеді. Көл кең алқаптың соңына орналасқан және алқаптың ежелгі мұздығының шеткі үйінділерінен құралған. Ауа райының салқын болуына орай, бұл жерде тау беткейлеріндегі адамдар мен жануарларды мазалайтын шыбын да, маса да жоқ.
Суреттерді түсірген: Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ