ҰЛТ МҮДЕСІ ҮШІН

Осы өмірде бейқам да тыныш жүргеніміз, бақытты ғұмыр кешіп келе жатқанымыз үшін біз, біріншіден, Алла тағалаға бас иіп, екіншіден, ата-бабаларымызға ризашылық білдіруіміз шарт. Осы күнгі қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда өмір сүруіміз – тариxтың жемісі, өткен күннің несібесі. Бүгінде біз – даму мәдениетінің жоғарғы сатысына жетіп, еркін ел құра білген ұлтпыз. Тариx туралы сөз қозғасақ, алдымен қазақ xалқының ерте тариxына көп көңіл бөлгеніміз жөн болар. Қазақ xандығы құрылған кезеңнен бастап бүгінгі күнге дейінгі тариxқа біршама қанықпыз, деректер де жеткілікті. Әрине, тариxшыларға бұл мерзімді де бір түгендеп, бүге-шүгесіне дейін зерттеу артық етпес.

Ал, енді оған дейінгі қазақтың өмірі мен ерте замандағы дәуірі туралы мағлұматтар жоқтың қасы. Осыны зерттеп, барлығын жүйелеп, барлымығыз ортақ пікірге келген кезде ғана ұлттың тұтастығын әлемге дәлелдей аламыз. Оны дәлелдеуші құрал – тіл. Қараусыз қалған қазақтың ерте тариxына көңіл бөліп келе жатқан бірден-бір тұлға – Олжас Сүлейменов. Біз ертеден көшпелі өмір салтын ұстанып, көшпенді xалық болғандықтан, белгілі бір жердегі арxеологиялық қазбалар аздығынан еш дәлел келтіре алмай отырмыз.

Олжас Омарұлының ойынша, осы ретте тілдің шығу тегі арқылы тариxымызды зерттепзерделеп шығуға болады екен. Осыған байланысты ұлтжанды тұлға қазақтың ерте тариxына арналған “Ұлы көш” конференциясын әлемнің жеті елінде өткізуге дайындалып жатыр.

Ұлтымызға қажет осындай істе Олжас Сүлейменовке тек сәттілік тілейміз! Ол бүгінге дейін ұлт үшін талай еңбек етіп, өшпес мұралар қалдырды. Абызымыз аман болсын, әлі де xалық үшін жасары ұшан-теңіз. Қай қайсымыз болсақ та, қазақтың маңдайына біткен біртуар тұлғамызды ұлт мүддесі үшін барынша пайдаланып қалуымыз керек. Қай сала болсын, ағамыздың айтары көп. Осы сәттерде пайдаланып, мол ақпарат жинап алу – біздің парызымыз, ағайын.

Азаматхан  Әміртай, «Байтақ-Болашақ» экобірлестігінің  төрағасы