Ұлттық валюта әлсіреді – Нарық

Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының таңғы саудасында әлсіреді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 376 теңгеге тең болды. Еске салайық, 13 ақпанда доллар бағамы 374,08 теңге болған. 

Таңғы сауданың бірінші келісімі 376 теңгемен өтті. Максимал құны – 377,5 теңге болды, ал минимал құны – 375,4 теңге. Сауданың жалпы көлемі 122,3 миллион долларға жетті.

Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 375-377,5 аралығында.

Астана уақытымен 10.45-те Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 64 доллар болды.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz