Ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы анықталды – Нарық

Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының күндізгі саудасында нығайды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 377,56 теңгеге тең болды. Еске салайық, таңғы саудада доллар бағамы 379,15 теңге болған. 

Таңғы сауданың бірінші келісімі 378,7 теңгемен өтті. Максималдық құны – 378,7 теңге болды, ал минималдық құны – 376,61 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 377-378,7 аралығында.

Астана уақытымен 15.40-та Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 56.79 доллар болды.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz