Үндістандық футболшы әлемдегі ең әдемі голдардың бірін салды – Футбол

Үндістандық “Ченнаи Сити” клубының шабуылшысы Үндістан біріншілігінде Педро Манзи “Аиджала” қақпасына тамаша гол салды, – деп хабарлайды Eurosport.

Қақпашының алдыға қарай біршама шығып кеткенін байқап қалған футболшы, алаңның үштен бір бөлігінен қақпаға қарай шірене тепті. “Мұндай әдемі голдарды Ла Лигада не АПЛ-да көре бермейсің. Коментатордың өзі де шыдай алмай, осы сәтте айғайлап жіберді”, – деп жазады басылым. 

Педро Манзи – Уругвайда дүниеге келген испан футболшысы. Сұрмерген өнер көрсететін “Ченнаи Сити” клубы Үндістан чемпионатында көш бастап тұр. 


Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz